Егер өнім танылмаса, келесі әрекеттерді орындап көріңіз.

Өнім қуатын тексеріңіз.

Принтер қосулы екеніне көз жеткізіңіз.
Қуат кабелі электр розеткаға мықтап тығылғанына көз жеткізіңіз.
Розетканың қуаты қосулы екенін тексеріңіз.

Егер принтер өшірулі болса:

Өнімді іске қосып, [Артқа] түймесін басыңыз.

Егер өнім іске қосылып тұрып танылмаса:

Келесі қадамға өтіңіз.

өнім мен компьютердің арасындағы байланысты тексеріңіз.

USB кабелі принтеріңізге және компьютеріңізге мықтап жалғанғанына көз жеткізіңіз де, USB кабелінің зақымдалмағанын немесе асыра бүгілмегенін тексеріңіз.
Егер принтер принтер коммутаторына немесе принтер буферіне жалғанған болса, ол драйверді орнату кезінде танылмайды. Бұлай болса, принтерді USB кабелі арқылы тікелей компьютеріңізге жалғауға тырысыңыз.
Принтерді компьютеріңізге USB хабы арқылы жалғайтын болсаңыз, онда оны компьютерден бірінші дәрежелі хабқа жалғаңыз. Егер принтер драйвері әлі де компьютеріңізде танылмаса, принтерді компьютеріңізге USB хабын қолданбай-ақ, тікелей жалғауға тырысыңыз.
Принтерді компьютеріңізге USB хабы арқылы жалғайтын болсаңыз, USB хабы құрылғысы компьютеріңіз тарапынан танылатынына көз жеткізіңіз.

Өнім мен компьютердің арасындағы байланысты тексергенде [Артқа] түймесін басыңыз.